11 мамырда басталған «Қайыршы» акциясы мамырдың 21-іне дейін жалғасады.
Полиция қызметкерінің айтуынша, осы бірнеше күн аралығында Алматыда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 449-бабына сәйкес, 765 адам жауапкершілікке тартылған. Заң бойынша оларға 5-10 АЕК есебінде айыппұл салынды.
Аудандық ІІБ хабарлауынша, әкімшілік кодекстің жаңа нормалары тек қана жеңіл жүрісті қыздарға ғана емес, адамдарға тауарын тықпалаған саудагерлер, қайыршылар мен үйін жалға беретін адамға қатысты қолданылды.
«Жыл басынан бері Сейфуллин көшесінде қоғамдық орында адамдардың мазасын алғаны үшін 122 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 101-і жеңіл жүрісті қыздар. Оларға жалпы сомасы 1 млн теңге көлемде айыппұл салынды. Жолаушыларға тауарын тықпалаған адамдар мен қайыршылар да жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, айыппұл арқалаған адамдардың ішінде Қырғызстаннан келген жеңіл жүрісті келіншек те бар. Ол сот шешімімен Қазақстан территориясынан шығарылды», — деді Түрксіб аудандық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Фархат Сыбанбаев.
