Жеңіліс тапқан «Ақтөбе» жанкүйерлері тағы да тәртіпсіздік ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңіліс тапқан «Ақтөбе» жанкүйерлері тағы да тәртіпсіздік ұйымдастырды

Жеңіліс тапқан «Ақтөбе» жанкүйерлері тағы да тәртіпсіздік ұйымдастырды

Ақтөбелік футбол жанкүйерлері түнде тағы да шу шығарды. Бұған олардың өз командаларының польшалық «Легиядан» жеңіліп қалуы себеп. Айта кетейік, ақтөбеліктер осы матчтың алдында да шетелдік жанкүйерлермен төбелесіп қалған еді. 

  • 23 Тамыз 2014
  • 399
Фото - Caravan.kz


Екі команданың жанкүйерлері ойын барысында да бір-біріне қырғи-қабақ болып отырды. Ал «Ақтөбенің» жеңілісінен кейін тіптен ашуға булыққан жанкүйерлерді ұстап тұруға тәртіп сақшыларының шамасы жетпеді. Көше бойында шатақ шығарғандар құзырлы орын қызметкерлеріне де тас лақтырып, қарсылық танытқан. Сондықтан «Легия» командасы жатын орындарына полицейлердің көмегімен жетті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жаппай тәртіпсіздік кезінде ешкім зардап шекпеген. Ал жанкүйерлер үйлеріне әндетіп тарқасты.