ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Парадта авиаторлар әуеде «70» санының бейнесін көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Парадта авиаторлар әуеде «70» санының бейнесін көрсетеді

ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Парадта авиаторлар әуеде «70» санының бейнесін көрсетеді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған қазақстандық армия тарихындағы ең ірі әскерлер парадына үш күн уақыт қалды. Парадта авиа-шоу ерекше орын алатын болып отыр.

  • 4 Мамыр 2015
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Әскери ұшқыштар жеке және пилотажды топ құрамында жоғарғы пилотаж фигураларын орындап, өз шеберліктерін көрсетпек. Авиаторлар ұлы жеңістің мерейтойын айғақтайтын «70» санын әуеде көрсетіп көрермендерге сый жасайды. 7 мамыр күні Астана аспаны астында қазақстандық ӘӘК қаруының бір бөлігі болып саналатын 70 авиациялық техника әуеге көтеріледі»,-деп атап өтілген ҚР Қорғаныс министрлігі мәліметінде.

Бұлар майдандық, әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 (Airbase Military) ұшақтары, сондай-ақ Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32 және ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшақтары.

Бұдан өзге парадқа ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет қазақстандық Әскери-әуе күштерінің сапын толықтырған жаңа жоғарғы маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшағы қатысатын болады.

«Алдағы парад — біздің болашағымыз үшін, бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен батыр ата-бабаларымызға құрмет, сондай-ақ бүгінде ел қорғаны болып табылатын қазақстандық армияның  жауынгерлік күш-қуатын көрсетеді. Ертең 5 мамыр күні Астанадағы айтулы әскери парадтың бас дайындық шаралары өтетін атап өткен жөн. Ауқымды шеруге 5 000-нан аса әскери қызметші, 220 бірлік заманауи қару-жарақ пен әскери техника, сонымен бірге 70 бірлік қазіргі заманғы авиация техникасы тартылады»,-делінген ведомство хабарламасында.


2772674