“Жер алып беремін”: шымкенттік алаяқ түркістандықты 1,5 млн теңгеге алдап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жер алып беремін”: шымкенттік алаяқ түркістандықты 1,5 млн теңгеге алдап кеткен

“Жер алып беремін”: шымкенттік алаяқ түркістандықты 1,5 млн теңгеге алдап кеткен

Шымкентте алаяқ түркістандықты 1,5 миллион теңгеге алдап кетті.

  • 2 Қыркүйек 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

31 тамызда Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс адам жер алып беремін деп айтып, 1,5 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен алғанын жазып көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.



 

Соңғы жаңалықтар