Республика заңнамасына сәйкес, заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Заңның толық мәтіні ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
«Жер асты қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер асты қойнауының (кеніштердің) стратегиялық маңызы бар бөлігіне қатысты жер асты қойнауын пайдаланушылардың іс-әрекеттері ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретіндей дәрежеде Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесінің айтарлықтай өзгеруіне алып келсе, өкілетті орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатымен келісім-шарт талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етуге құқылы», — деп көрсетілген сенбі күні ресми БАҚ-та жарияланған заң мәтінінде.
Заң сондай-ақ, жер асты қойнауын пайдалану келісімшарттарын бұзуға себепкер жайттардың тізімін кеңейткен. Жер асты қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті салдарынан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келетін жағдай туындаған кезде келісім шартты орындаудан ел үкіметінің бір жақты шығуына мүмкіндік әрі құқық береді.
Бұл заң стратегиялық маңызы бар жер асты қойнауының (кеніштердің) телімдеріне қатысты игеру немесе бірлескен барлау және игеру бойынша бұрын жасалған келісім-шарттарға кері сипат беріп тұр.
Өзгертулерге Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылдың 24-қазанында қол қойған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті