Жер телімдерін кері қайтарған Астана әкімдігінің әрекеті заңды деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер телімдерін кері қайтарған Астана әкімдігінің әрекеті  заңды деп танылды

Жер телімдерін кері қайтарған Астана әкімдігінің әрекеті заңды деп танылды

Елордалық саяжай тұрғындарына Бас прокуратурадан қайыр болмады. Құзырлы орган «қала басшылығы саяжайдағы жерімізді су тегінге бағалап, тартып алды» деп шырылдап жүрген бірнеше отбасының шағымына қатысты тексеру жүргізіп, Астана әкімдігінің әрекетінен заңсыздық таба алған жоқ. 

  • 11 Шiлде 2014
  • 194
Фото - Caravan.kz


Ербол Таужанов, Бас прокуратураның аға-прокуроры:

-Тексеру барысында Астанадағы саяжай учаскелері мемлекеттік қажеттілік үшін қайтарылып алынғаны анықталды. Ол телімдер ешқандай да коммерциялық мақсатта сатылмайды. Яғни, әкімдік заңға сай әрекет еткен. Сондықтан жер иелеріне 3 миллионнан 6 миллион теңге аралығында өтемақы төленеді.

Осылайша, Бас прокуратура даулы мәселеге соңғы нүкте қойды. Екі жылдан бері жерінің құнын даулап жүрген келіншектер өтемақыны азсынғанымен, енді ештеңе істей алмайды. Қарсылық акциялары да елеусіз қалды. Кран басына шығып, тіпті Парламенттің алдына келіп өздерін шынжырмен байлап тастаған наразы топқа ешкім селт еткен жоқ. Ал үлкен шудан соң іске араласқан халық қалаулылары сүрілетін саяжайдағы ондаған баспананы  қаладағы пәтер бағасына теңестіруді сұраған еді. Алайда, бұл ұсыныс та сөз күйінде қалып қойды. Сондықтан шенеуніктердің берген сомасына келісуден басқа амал жоқ.