Жер жаппай 49 жылға дейін жалға беріле бастауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер жаппай 49 жылға дейін жалға беріле бастауы мүмкін

Жер жаппай 49 жылға дейін жалға беріле бастауы мүмкін

Жаңа жылдан бастап жер жаппай 49 жылға дейін жалға беріле бастауы мүмкін. Тегін телімге ие болу үшін бизнес жоспарыңыз бен кәсіп жүргізетін техникаңыз болса жеткілікті.

  • 30 Қараша 2017
  • 911
Фото - Caravan.kz

Бүгін депутаттар бірқатар өзгерістер енгізілген Жер қатынастары туралы заң жобасын мақұлдап жіберді. Алайда, қабылданған заң жобасында шетелдіктерге жерді жалға алуға тыйым салынбаған. Мораторий аяқталса, өзге ел азаматтарының құқығы қазақстандықтармен бірдей болуы ғажап емес, деп хабарлайды 31 арна. 

Қазақстанның ұшса құс қанаты талып әрең жететін кең байтақ жерін шенділер тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет түгендей бастағандай. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төменгі палатаға заңға енгізілген нормаларды түсіндіріп, бұдан былай жер оңды-солды таратылмайтынын түсіндіріп берді. Сонымен, ауыл шаруашылығына жарамды бос жатқан 100 миллион гектар жер енді тек шектеулі түрде жалға беріледі. Егін егіп, мал өсірем деген шаруаларға телімді Үкімет тегін ұсынып отыр, тек жер салығын төлесе жеткілікті.

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:

— 49 жылға дейін жалға беріледі. Ол үшін ең бірінші бизнес жоспары талап етілетін болады. Айталық есеп қисабым мынадай.

Яғни, бизнес жоспары бар кез-келген шаруа шетелдік азаматпен некеде болса да, жерді жалға алуға құқылы. Депутаттар бұдан қауіптенуге негіз жоқ дейді.

БАҚТИЯР МӘКЕН, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

— Сіздің өзіңіз Қазақстанның азаматы болсаңыз, сізге алуға мүмкіндігіңіз бар. Отбасын құрғаннан кейін, әрине. Бірақ, жер, мүлік әр адамның жеке құқығына байланысты ғой. Ол шетелдікке тұрмысқа шықты ма, шықпады ма, Қазақстанның  азаматы болғандықтан ол өзі жауап береді.


Ал, мораторий біткеннен кейін тіпті шетел азаматтарының да жерді 49 жылға жалға алуға мүмкіндігі болуы ғажап емес. Өйткені, заң жобасында тыйым тек шекара аумағындағы телімдерге ғана салынған. Мәжілісмен Азат Перуашев жерге тек Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан сынды Қазақстанмен шекаралас елдердің азаматтары мен компанияларын ғана жолатпау керек. Ал өзге елдердің азаматтарынан қауіптенуге негіз жоқ деген ұстанымда.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

— Егер ол дамыған, таза, бізден жақсы жерді пайдаланып тұрса. Мысалы, Голландия, Германияның компаниялары келсе, жаңа агротехнология әкелсе, инвестиция  құйса. Біз неліктен олардан бас тартуымыз керек? Меніңше, керісінше біз оларды шақыруымыз керек, үйретсін.

ГҮЛБАНУ ӘНИЯТҚЫЗЫ, тілші:

— Айтпақшы Үкімет латифундистерге мүлдем тиіспейміз деп отыр. Асқар Мырзахметов мыңдаған гектар жерді жалғыз өзі иемденіп алғандарды тексереміз деп құтылды. Бірақ, алдағы уақытта жер бір адамның қолында кетпеуі үшін, жалға беруге шектеу енгізілген. Ал кімге қанша телім берілетінін әкімдер шешеді.

Соңғы жаңалықтар