"Жерлеуге алып кеткенше, кетпей, жылап тұрып алды": Танымал журналист Заманбек Нұрқаділовтың жаназасында болған, ел білмейтін оқиғаны еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жерлеуге алып кеткенше, кетпей, жылап тұрып алды": Танымал журналист Заманбек Нұрқаділовтың жаназасында болған, ел білмейтін оқиғаны еске алды

"Жерлеуге алып кеткенше, кетпей, жылап тұрып алды": Танымал журналист Заманбек Нұрқаділовтың жаназасында болған, ел білмейтін оқиғаны еске алды

Белгілі журналист, белсенді Гүлбану Әниятқызы Заманбек Нұрқаділовтың жаназасы шыққан күнді еске алды.

  • 15 Қаңтар
  • 28742
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, осы оқиғадан кейін, журналист Ирина Советжанқызы жұмыста қатаң сөгіс алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды. 

"Заманбек ағамызды жерлеу рәсімі 19 жыл бұрын Алматыдағы Ғылым академиясының ғимаратында өтіп, халық өте көп жиналған еді. Қарашаның қара суығында жиналған жұрт марқұмды қимай, жерлеуге алып кеткенше кетпей жылап тұрғаны есімде. Сол жиында кешегі ас беруге барған мүйізі қарағайдай ағаларымның көбі төбе көрсетпеген. Кеше көрдім де еее дедім.

Біз ол кезде жаспыз ғой. Irina Alimzhanova құрбым екеуміз “ағамыздан айырылдық” деп жылап, жиын біткенше жүріп, жұмыста жарты күн болмаған едік. Заманбек ағамызбен қоштасуға барғанымыз үшін бе әлде жұмыста болмағанымыз үшін бе, нақты есімде жоқ, әйтеуір газеттің бас редакторынан қатаң сөгіс алғанбыз", — деп жазды ол.

Еске салсақ, бүгін қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың туған күні.Ол 1944 жылы 15 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.