Жетісай мен Жетісудің келіндері өзара баттл ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісай мен Жетісудің келіндері өзара баттл ұйымдастырды

Жетісай мен Жетісудің келіндері өзара баттл ұйымдастырды

Қай өңірдің келіні мықты? Жетісайдың ба, әлде Жетісудың ба? Оны анықтағысы келген екі келіншек өзара батл ұйымдастырған.

  • 28 Мамыр 2019
  • 122
Фото - Caravan.kz

Бір-біріне тапсырма беру арқылы араларындағы супер келінді анықтауда. Басқа өңірдің арулары да қалысар емес, түрлі сайыстарды өткізіп, бақтарын сынап әлек. Қызығы қатысушылардың қатарында ерекше өнер көрсетіп, бәрін таңдай қақтырғандары да бар. Сонымен, қай мекеннің келіні пысық, қайсысы шебер екен? Жалпы, бұл қаншалықты дұрыс?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Шикі сүт іш, ащы пиязды же! Егер ережені бұзсаң, дәл осы айтылғанды орындауың қажет! Болмаса, ұпайдан қағыласың! Иә, бұл кәдімгі ауылдың қарапайым келіндерінің жарысы. Олар үй ішін қойып, енді өзге өңірдің келіндерін батлға шақырып, жарысатын болған. Мәселен, екі облыстың бұрымдылары әлеуметтік желі арқылы түрлі сайыстар ұйымдастыруда. Бірі Жетісудің, екіншісі Жетісайдың арулары. Айтуларынша, олар да замануи келін бола алады. Мұндай жарыс арқылы өздерінің елден ерек екендерін дәлелдемек. "Екі келін де, Жетісудің келіні де, Жетісайдың келіні де екеуміз де жеңіске жеңдік. Бұл батл келіндердің арасында алауыздық тудырған жоқ. Керісінше екеуміздің қолымыздан не келетінін көрсеттік. Келіндердің де қолынан қандай тапсырма келетінін, заманауи бола алатынын да, ауылда жүріп қолдарынан барлығы келе алатынын дәлелдедік десек те болады", — дейді келін Гүлжанар Оспанова.

"Күйеуің тұрса, шай дайында, ең бастысы орамалды басыңа тақ!" Тоқтамай сыпыр! "Нан илеп, ас та дайындайды. Тіпті…", — дейді Бек Рауан. Қызығы, "келіндер жарысы" немесе заманауи тілге салсақ "келіндер батлы" қазақ қоғамы үшін таңсық дүние емес. Аталған сайыс елімізде етегін кеңінен жайғаны қашан. Оны жан-жақтан түсірілген видеолар дәлелдегендей. Келіндер керек болса би билеп, ән айтады… "Сән салонға барамын, кірпікті ұзартамын, сәнденіп мен аламын, иә солай, иә солай, таза келін осындай!", — дейді Гүлсім Үсенбаева.

Ал әжелеріміздің айтуынша бұрынғы кезде де келіндер жарысы болған екен. Тек оның форматы сәл басқа еді. Бір-бірімен жарысып емес, өзіңнің білмегеніңді басқалардан үйрену, білгеніңді өзгелерге үйрету мақсатында өткен. Әсте қазіргідей емес. "Әр келін өзін басқа келіннен мен сәл жоғарырақ болсам екен деп, әркім өзінің тұғыры биік болғанын қалайды ғой. Сондықтан ол бұрынғы кезден келе жатқан дүние, бірақ оның аты өзгеше, формасы да сәл өзгешелеу болса керек. Бірақ оның мазмұны бір", — дейді қала тұрғыны Жарықгүл Құрманбаева. "Жетпегені келіндер арасындағы батл еді!". Бұл қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатшаның пікірі. Оның айтуынша, мұндай жарыстар іші пысқан келіншектердің кезекті ермегі. Яғни алтын уақытты босқа өткізу, дейді. Ал батлға қатысушы аруларға айтар пайдалы кеңесі де бар екен. Бір-біріне тапсырма беріп, бақталасқанша, үйдегі баланың тәрбиесіне көбірек мән бөлсе деген пікір білдірді. "Заманның жетістігін жақсы бағытта пайдаланса, жақсы болатын еді. Олар енді бұрынғы жоғалтқанымызды тірілтіп, сөйтсе. Ал енді мынау батл деп бет жыртысып, ол енді өте ұят нәрсе. Бұл біздің қоғамға, қазаққа жат нәрсе, Бұл бір жетістік емес, бұл керісінше кері кету", — дейді қоғам белсіндісі Қарлығаш Бекпатша. Осылайша түсінгеніміздей, келіндер жарысы бүгін пайда болған дүние емес. Бұрыннан келе жатыр. Әжелеріміз сайыспады, тәжірибе алмасты. Бір-біріне білгендерін үйретті. Қазіргілері болса кәдімгі жарыс ұйымдастырып, қай әулеттің келіні мықты екенін анықтап жатыр. Яғни уақыт алға жылжыған сайын сайыстың форматы да өзгеріске ұшырауда.


 

Соңғы жаңалықтар