Жетісай тұрғынының ауласынан 3 мың түп көкнар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісай тұрғынының ауласынан 3 мың түп көкнар табылды

Жетісай тұрғынының ауласынан 3 мың түп көкнар табылды

Жетісай полицейлері тұрғынның ауласынан 3 мың түп көкнар тәркіледі.

  • 21 Маусым 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егіп өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алған жетісайлық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, оның тұрғылықты жеріне тінту жұмыстары жүргізілді.




Нәтижесінде күдікті ер адамның үйінің ауласынан 3 мың түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді. Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша алынған өсімдік көкнәр болып шықты.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар