Жетісайда 16 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісайда 16 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады

Жетісайда 16 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады

Жетісайда 16 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады.

  • 11 Қыркүйек 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Жетісай ауданы бойынша 16 498 көпбалалы ана бар. Оның ішінде 369-ы батыр ана болса, 1686-ы «Алтын алқа» иегерлері. Сондай-ақ өңірде 5 537 «Күміс алқа» иегері, 746 І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталғандар тұрады.

Көпбалалы отбасылардың бірі – Жылы су ауылдық округінің тұрғыны Сүттібаевтар әулеті. Бір ерекшелігі – бұл әулеттегі ұл-қыздардың барлығы да көпбалалы.

photo

 

Шаңырақтың ұйытқысы болып отырған Зәуре Сейдімбекқызы 13 құрсақ көтерсе, келіндері мен қыздары да батыр ана жолын жалғастырып 7-8 перзентті өмірге алып келген. Қазір ақ жаулықты әже ұл-қыздарынан 75 немере мен 30 шөбере, 8 шөпшек сүйіп отыр.

«Біздің кезде заман аздап қиындау болды. Ол кездің аналарына қазіргідей жағдай жасалған жоқ. Перзенттерімнің жартысын өзім жаяу барып босансам, екеуін үйде босандым. Жұбайым бір үйдің жалғыз баласы болғандықтан бар ойым күйеуімнің ұрпағын көбейту еді. Ешқандай баламды алдын ала жоспарламадым. Құдайдың берген перзентін өмірге әкелдім. Осы күніме шүкіршілік айтамын. Адам ұрпағымен мың жасайды. Алла осы ұрпақтарымды аман етсін», — дейді Зәуре Сейдімбекқызы.


photo

photo

Соңғы жаңалықтар