"Жетісу" ӘКК басқарма төрағасы Ұлы Петр орденімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жетісу" ӘКК басқарма төрағасы Ұлы Петр орденімен марапатталды

"Жетісу" ӘКК басқарма төрағасы Ұлы Петр орденімен марапатталды

Алматы. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Серік Сұлтанғалиев Ресей қоғамдық комиссиясының шешімімен І дәрежелі Ұлы Петр орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Жетісу" ӘКК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Сәуiр 2008
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Ресейдің бұл жоғары наградасына С. Сұлтанғалиев Ресей мен Қазақстан Республикасы арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін лайықты деп табылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

С. Сұлтанғалиев — сәулетші, Қазақ политехника институтын бітірген. Көптеген жылдар бойғы жемісті еңбегі және ҚР құрылыс саласын дамытудағы еңбегі үшін С. Сұлтанғалиев «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» және «Қазақстанның құрметті сәулетшісі» құрметті төс белгілерімен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті