Жарияланды: 870

Жезөкшелер үйінен түсірілген видео жанжалға ұласты

Жезөкшелер үйінен түсірілген видео жанжалға ұласты Сурет - linza12.nethouse.ru

Әндіжанда жекеменшік үйге жүргізілген рейд барысы видеоға түсіріліп, интернетке тарап кеткен.

Жеке үй жезөкшелер үйіне айналған. Интернет қолданушылар арасында бұл оқиға жеке өмірге араласу деп үлкен дау туғызып отыр.

Бұл туралы centralasian.org порталы хабарлады. 

Әндіжан облысы Алтынкөл ауданы милиция қызметкері жезөкшелер үйіне келушілерді видеоға түсіріп, оны интернетке жариялаған.

13 шілдеде Алтынкөл аудандық әкімшілік соты ұйымдастырушы әйелді күйеуінің ата-анасының үйін жезөкшелер үйіне айналдырды деп айыптап, оған бір айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салған.

Бірақ үй қожайындары милиция қызметкерін "адамың жеке өміріне қол сұқты" деп айыптап, құқық қорғау органдарынан тиісті шара қолдануын сұрайды. Бұл видео 26 сәуірде түсірілген екен. Ташкенттік адвокат шулы видео расында сот талқысына салынуы керектігін, себебі Өзбекстан қол қойған Адам құқықтары жөніндегі халықаралық декларацияда жеке өмірге қол сұғуға болмайтыны айтылған дейді.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть