Жезқазған әуежайына қону кезінде ұшақ ұшып-қону жолағынан тайып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазған әуежайына қону кезінде ұшақ ұшып-қону жолағынан тайып кетті

Жезқазған әуежайына қону кезінде ұшақ ұшып-қону жолағынан тайып кетті

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жезқазған әуежайына қону кезінде ұшақ ұшу-қону жолағынан тайып кетті, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Мамыр 2008
  • 431
Фото - Caravan.kz

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 6 мамырда Қарағанды облысында 19 сағат 35 минутта Қарағанды -Сәтпаев бағытында санитарлық тапсырмамен «Перан» жеке компаниясының иелегіндегі борт номері № ЛА 127 ЯК-12 ұшағы Сәтпаев қаласындағы ұшып-қону жолағының дайындалмағандығынан Жезқазған қаласының әуежайына қонған. Ұшақтың ішінде 4 адам болды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, «ұшақтың қонуы кезінде шассидің оң тіреуіші сынғандықтан, винттің екі құлағы зақымданды.Соның салдарынан ұшақ жолдан тайып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ қондыру жолағынан 70 метр жерге тасымалданды. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті