Жезқазған полициясының басшылығы қызметтерінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазған полициясының басшылығы қызметтерінен босатылды

Жезқазған полициясының басшылығы қызметтерінен босатылды

Жезқазғанда қол астындағы қызметкерлерге бақылауы әлсіз болғандықтан қалалық ІІБ бастығы Қайыржан Тоқышев, оның екі орынбасары және әкімшілік полиция бөлімінің бастығы қызметтерінен босатылды,

  • 4 Қараша 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады  облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Ақпаратқа қарағанда, бұл шешімді ІІД тәртіптік комиссиясы қабылдаған, алдында полицияның екі инспекторы қалалық ішкі істер басқармасының сейфінен қарудың 18 бірлігін ұрлап алған болатын, оның ішінде Макаров тапаншасы, оқ-дәрі болған.
Олар кадрлық резервке ауыстырылды, ішкі істер органдарында орын босағанша сонда болмақ.
"Қарудың ұрлануына жол бергендік үшін тағы үш қызметкер жұмыстан босатылған, 9 полиция қызметкеріне сөгіс жария етілген".
Алдында хабарланғандай, өткен аптада ревизиялық тексеріс кезінде аталмыш сейфтен 18 қарудың жоқ болып шыққандығы анықталған. Ол қаруды ұрлады және сатты деген күдікпен лицензия-рұқсат ету жүйесі бөлімінің инспекторы және ІІБ тыл жағын қамсыздандыру бөлімінің инспекторы ұсталған. Екеуі де қамауға алынып, изоляторға отырғызылды.