Бұл туралы Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Министр Қызылорда облысы әкімдігіндегі кеңесте ұзындығы 517 шақырымдық темір жол учаскесі жорбасы бойынша 25 жаңа ажырату қосындары бой көтермек. Оның 13-і Қызылорда облысы аумағында орналасады.
Ж.Қасымбектің сөзіне қарағанда, вокзалдарды жаңа стандарттарға сәйкестендіру мақсатында 2017 жылға дейін облыстағы барлық вокзалдар жөнделеді. 2016 жылға дейін өңірдегі 8 автостанция мен 1 автовокзал ұлттық стандарттарға сәйкестендірілмек.
Жезқазған – Сексеуіл учаскесі жаңадан салынып жатқан Жезқазған-Бейнеу темір жол желісінің бір бөлігі болып табылады. Аталған жоба жүктерді еліміздің орталығы мен Достық станциясынан батыс өңірлерге, әрі қарай Еуропаға тасымалдауға мүмкіндік береді.