Жезқазғанда тапанша ұрлығына байланысты ІІД басшылығы түгел қызметтен қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазғанда тапанша ұрлығына байланысты ІІД басшылығы түгел  қызметтен қуылды

Жезқазғанда тапанша ұрлығына байланысты ІІД басшылығы түгел қызметтен қуылды

Қару-жарақ саудасына жол берген Жезқазған қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы Қайрат Төкешев пен оның екі орынбасары және бірнеше бөлім басшылары жұмыстарынан қуылды. Тағы 10 шақты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

  • 5 Қараша 2014
  • 269
Фото - Caravan.kz


Өткен айдың соңында Жезқазғандағы Ішкі істер басқармасының қоймасында 4 тапаншаның жетіспейтіні анықталған еді. Іле шала тексеріс жүргенде, қоймадан тағы 19 қарудың ізім-ғайым жоғалғаны әшкереленді. Сөйтсе, басқармадағы қаруға рұқсат беретін және тылдық қамтамасыз ету бөлімдерінің капитан шеніндегі инспекторлары Уахитов пен Қанаев өткен жылдан бері қоймаға өткізілген қарулардың нөмірлерін өшіріп, сатып келіпті. Бұл екеуі қазір тергеу абақтысында. Олар жалпы саны 23 қару-жарақ пен жүздеген оқ дәрілерді сатып жіберген.