Жарияланды: 430

Жидда қаласында ҚР Консулдығы жұмыс істей бастады

Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР үкіметінің шешіміне сәйкес, Сауд Арабиясының Мекке және Медине қалаларына баратын Қазақстан азаматтарына қолдау көрсету мақсатында Жидда қаласында ҚР Консулдығы жұмыс істей бастады. Бұл туралы кеше журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Жидда қаласында ҚР Консулдығының ашылуы Елбасы алға қойған сыртқы саяси және экономикалық мақсат мүдделерін жүзеге асыруда Қазақстанның Сауд Арабиясымен және басқа да араб мемлекеттермен қатынастарын жан-жақты дамытуға деген ұмтылысын көрсетіп отыр", деді ресми өкіл. Оның айтуынша, Консулдықтың жұмысы Қазақстан мен Ислам конференциясы ұйымына мүше араб елдерімен көпжақты қатынастарды нағайтуға бағытталып отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін