Жарияланды: 110

Жігіт қалыңдығының құпиясын біліп қойып, жантүршігерлік қылмыс жасады

Жігіт қалыңдығының құпиясын біліп қойып, жантүршігерлік қылмыс жасады

23 жастағы қалыңдық жезөкшелікпен айналысып келгені әшкере болды, тапқан ақшасына кеудесін үлкейтіп, жаңа автокөлік сатып алған.

Таиландта қызғаншақ жігіт сүйіктісінің жезөкшелікпен айналысатынын біліп қойып, оның басынан алты рет атқан. 23 жастағы Нафаторн Канокасемсофонның мәйіті өзінің автокөлігінен табылды.  

Медбике деген лақап атты иеленген қыз Паттайяда жезөкше болып жұмыс істеген, шетелдік клиенттерге қызмет көрсетіп, олардан тұрақты түрде ақша алып тұрған. Атап айтқанда, олардың бірі,  Голландия тұрғыны Нафаторнға ай сайын 700 еуро жіберіп отырған, деп хабарлады The Sun.

Тапқан ақшасына кеудесін үлкейтіп, косметикалық ота жасатып, дизайнерлік киімдер мен жаңа Honda Civic автокөлігін сатып алған. Қаскүнем бір жыл бойы кездесіп жүрген қызының құпия өмірі туралы біліп қойып, қатты ашуланған.  

Қанды оқиға таңғы үш кезінде болған. Полицейлер марқұмның телефонын тексерген кезде жігіт трагедияға дейін оған кездесуді ұсынғанын анықтады. Хабарламада "егер келіссең, одан кейін ешқашан мазаламаймын" деп жазылған. Ажырасып кеткен Нафатронның артында кішкентай екі баласы қалды.        

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін