Жарияланды: 180

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек фонограммаға тыйым салуға қарсы екенін айтты

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек фонограммаға тыйым салуға қарсы екенін айтты

Айдар Тұрғамбек фонограммаға тыйым салуға қарсы екенін айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек әншілерге қолдау танытып, фонограмманы алып тастауға қарсы екенін айтты. Өйткені әнші үнемі жанды дауыста ән айта алмай қалуы мүмкін деп есептейді. Өнерде фонограммамен ән салу міндетті болатын кездердің де бар екенін жеткізді ол. 

"Фонограммамен айтатын сәттер болады. Мысалы қыс кезінде далада ән айта алмайсың. Әнші де адам ғой, ол ауырып қалуы мүмкін. Одан кейін, телевиденияның түсірілімінде міндетті түрде фонограмма қолданылады. Мүлдем алып тастауға болмайды. Алып тастаса, баяғыда Рессей алып тастайтын еді. Барлығы жанды дауыста ән айта алады", - дейді Айдар Тұрғамбек. 

Егер заң енгізілетін жағдай болса, онда бұл мәселені саутты, өнердің қазанында қайнап жүрген адам қарап, қадағалауы керек деп есептейді Айдар Тұрғамбек. Өмірдің әртүрлі жағдайларына байланысты әншінің жанды дауыста ән айтуға мүмкіндігі болмауы мүмкін дейді ол. 

"Бұл нәрсеге кең қарау керек. Заң қабылдап, қиып тастау ақылға қонымсыз нәрсе. 4 адамға микрафон жетпей қалатын кездер болады. Аппарат өте нашар болған кезде, дауысың халыққа естілмей қалады. Мүлдем кесіп тастауға болмайды деген осыдан шығады. Заң қабылданатын болса, көзі ашық, көкірегі ояу, өнерде жүрген адам қабылдауы керек", - дейді Айдар Тұрғамбек. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін