Жигули Дайрабаев Батыс Қазақстан облысында бірқатар кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жигули Дайрабаев Батыс Қазақстан облысында бірқатар кездесу өткізді

Жигули Дайрабаев Батыс Қазақстан облысында бірқатар кездесу өткізді

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Батыс Қазақстан облысында жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ауыл» ХДПП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қараша 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

«Ауыл» партиясының өкілдері алдымен Орал іргесіндегі құс фабрикасына барды. Кәсіпорында 200-ден астам адам жұмыс істейді. Жылына 8,5 мың тонна өнім өндіреді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Саяси бірлестік мүшелері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет ұжымымен де жүздесті. Кездесуде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Бұған дейін Жигули Дайрабаев бастаған үгіт-насихат тобының өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай, Маңғыстау облыстарының сайлаушылармен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар