"Жиіркенішті": Мақпал Жүнісова ашық-шашық клипке түсетін әншілерді сөгіп тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жиіркенішті": Мақпал Жүнісова ашық-шашық клипке түсетін әншілерді сөгіп тастады

"Жиіркенішті": Мақпал Жүнісова ашық-шашық клипке түсетін әншілерді сөгіп тастады

Ашық-шашық киніп клиптерге түсіп жүрген қазақ қыздары туралы Мақпал Жүнісова өз ойын айтты. Әнші соңынан ерген сіңлілерінің мұндай қылықтарынан жиіркенетінін айтты.

  • 23 Қазан 2018
  • 203
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды.

Шоу бизнесте бетімен кеткен сылқымдарға халық әртісі ашулы екенін жасырмады.

"Естіп жатырмын. Өте бір ыңғайсыз сахналар түсіріліп жатыр. Бұның барлығы біздің эфирден көрсетіліп жатса, демек керек болып жатқан шығар. Алла тағала бізге бойымызды сұлу қылып жаратса, оны міндетті түрде ашып тастау керек деген сөз емес. Алла тағаланың берген сұлулығын өзің үшін пайдалан, сұлулықты қастерлеп, қадірлеп сақтай білу керек. Ол ашып тастау дұрыс емес, бірнеше 4,5 әншіге қатысты нәрсе бұл. Оларды қазақ болғаны үшін жақсы көремін, бірақ анадай бейнебаянды көру расымен де жиіркенішті." — деп халық әртісі өз пікірін білдірді.

Соңғы жаңалықтар