Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында мемлекеттік тапсырыс бойынша шектеулі мөлшерде ғана студент оқытылады -ҚР білім министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында мемлекеттік тапсырыс бойынша шектеулі мөлшерде ғана студент оқытылады -ҚР білім министрлігі

Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында мемлекеттік тапсырыс бойынша шектеулі мөлшерде ғана студент оқытылады -ҚР білім министрлігі

Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында ҚР қарулы күштеріне арнап запастағы офицерлер дайындау жұмысы ҚР қорғаныс министрлігінің мемлекеттік тапсырысы негізінде ғана шектеулі мөлшерде жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы бүгін, 14-тамызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Геннадий Гамарник хабарлады.

  • 14 Тамыз 2003
  • 503
Фото - Caravan.kz

Г.Гамарниктің айтуынша, запастағы офицерлер дайындауға мемлекеттік тапсырыс көлемі қосымша нақтыланады. Әскери кафедралар мемлекеттік жоғары оқу орындарының балансында ғана қалады. Ал, студенттің оқитын негізгі жоғары оқу орнындағы меншік түріне немесе төлем түріне қарамастан ондай кафедраларда байқаудан өткен барлық студенттер оқи алады.

Алайда, қазіргі бар әскери кафедралар әзірше базалық емес, басқа білім ошақтарының қарамағында, сонда бұрыннан бері әскери дайындықтан өтіп жатқан студенттер бітіргенше қала тұрады.

Соңғы жаңалықтар