Жоғары сыныптардың және университеттердің оқу бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылатын болады
![]() |
Қазақстанда жоғары сыныптардың және университеттердің оқу бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылатын болады. |
Бұл туралы Үкіметтің «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференциялар сериясында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
«Мемлекет басшысы Қазақстанда жоғары сыныптардың және ЖОО-лардың оқу бағдарламалары ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңмен көшіруді тапсырды. Басты мақсат - дайындап жатқан мамандарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін арттыру», - дейді министр.
Оның сөзіне қарағанда, бұл өз кезегінде жоғары білім берудің еуропалық аумағына өтуге ықпал етпек.
«Оған қоса, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мембағдарламасы біздің алдымызға жоғары білімнің құрылымы мен мазмұнын Болон процесінің параметрлеріне сәйкестендіру арқылы жоғары білім берудің еуропалық аумағымен ықпалдастыру бойынша мақсаттарды қойып отыр», - деп түйді сөзін А. Сәрінжіпов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін