деп жазады Boston Globe газеті.
А.Тәжаяқов Ж.Царнаев жарылыс жасап, адамдарды құрбан етуге дейін барады деп мүлде ойламағанын айтады.
Сонымен қатар, қазақстандық студент Ж.Царнаев былтыр үлкен ағасы Тамерланмен атыс алаңына барып жүргенін және үйде бомбаны қалай жасауға болатынын және қалай қару сатып алуға болатынын әңгіме еткенін мәлімдеді.
А.Тәжаяқов ФБР марафондағы жарылысты Ж.Царнаевпен байланыстырғанын естіп таңқалғанын жазған. Қазақстандық студент досы өз ағасының ықпалына ергеніне сенімді.
А.Тәжаяқов тағы бір мәлімдемесінде: «Меніңше, бұл оның ағасының қатесі. Ол інісінің «миын айналдырып алды», деп жазады.
Прокурорлар қазақстандық студентке қатысты сот барысында алқабилер сотына қазақстандық студент 2013 жылы 18 және 19 сәуірде Интернеттен Ж.Царнаев пен марафондағы теракт туралы мәлімет іздегенін айтқан.