Жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған қызға тағы да ота жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған қызға тағы да ота жасалды

Жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған қызға тағы да ота жасалды

Жол апаты салдарынан қос аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиеваға тағы бір ота жасалды. 

  • 21 Тамыз 2017
  • 953
Фото - Caravan.kz

Екатерина өзінің Facebook-тегі парақшасында соңғы операцияға қатысты жағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен қазір Сіздерге өзімнің суреттерімді көрсеткім келеді. Мен бойыма күш жинап, көңіл-күйім орныға түсті. Менің суреттерім қандай жағдайға болса да қарамастан Сіздерді бүгінгіден де қуанышты көңіл-күйде жүріп, өмірге деген сүйспеншіліктерңізді арттыра түседі деген ойдамын. Өмірде маңыздысы — басыңа түскен жағдай емес, оны қалай бастан өткергенде. Ары қарай өмірді құштарлықпен белсене жалғастырған дұрыс па, әлде өзіңізді қайғы-мұңға жеңгізіп, мұңая берген жөн ба? Бәрі де сізге байланысты. Қазір мен ауруханадамын. Маған тыныштық қажет. Оны қаласақ та қаламасақ та, дәрігерлердің талабын орындау керек. Маған екінші рет аяғыма операция жасалды. Көңіл-күйім жақсы, уақыт өткен сайын күш алып келемін»,-деп жазды Екатерина.

Естеріңізге салсақ, биыл 16 маусым күні Алматыдағы әл Фараби даңғылының бойында екі жеңіл көлік және бір автобустың қатысуымен болған жол апаты кезінде екі қыз ауыр жарақат алған еді. Оның ішінде
Екатерина Парафиева екі аяғынан айырылған
.

Соңғы жаңалықтар