Opel Vectra және Chevrolet Cobalt көліктерінің қақтығысуы салдарынан алты адам зардап шекті, олардың төртеуі — балалар, деп хабарлайды lada.kz.
Бір бала оқиға орнында көз жұмды. 9 жасар ұл бала мен 7 жасара қыз бала жансақтау бөліміне жеткізілді. Тағы бір бүлдіршін травматология бөліміне жатқызылды.
Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Мұсақановтың айтуынша, балалар көптеген жарақаттар алған.
— Мұнда балалар кешкі сағат тоғыздар шамасында жеткізілді. Олардың өкпелері зақымданған, бас сүйектері ауыр жарақаттанған. Ұл баланы травматология бөліміне ауыстырдық, қыз бала әзірге жансақтау бөлімінде, — деді ол.
Әзірге апатқа кінәлілер аталмады. Тану жұмыстары жүргізілуде.