Жол ережесін бұзып, полиция көлігін қаққан автобус жүргізушісі тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол ережесін бұзып, полиция көлігін қаққан автобус жүргізушісі тұтқындалды

Жол ережесін бұзып, полиция көлігін қаққан автобус жүргізушісі тұтқындалды

Алматыда полиция көлігіне соқтығысқан №35 автобус жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық полицияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Маусым 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық іс ҚК-тің 296-шы бабы бойынша (жол ережесін бұзу) қозғалды.

Жақында ол қамауға алынды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сәрсенбі күні Абай даңғылы мен Фурманов көшелерінің қиылысында №35 автобус пен полиция көлігі қақтығысты. Автобус жүргізушісі жол қозғалысын реттеушінің бұйрығына бағынбай, полиция көлігін соққан. Салдарыан ІІД ЖПБ арнайы батальоны бастығының орынбасары зардап шекті. Дәрігерлер оған нейрохирургиялық операция жасады. Полиция қызметкерінің бас сүйегі сынып, миына зақым келген. Қазір ол бірнеше күннен бері комада, жасанды аппарат арқылы тыныстап жатыр.

Соңғы жаңалықтар