Жол сақшылары қырғыз көліктерін енді жаңа желеумен тоқтатуда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол сақшылары қырғыз көліктерін енді жаңа желеумен тоқтатуда

Жол сақшылары қырғыз көліктерін енді жаңа желеумен тоқтатуда

Жол сақшылары енді қырғыз көліктерін техникалық байқаудан өтпеген деген желеумен тоқтатып жатыр. Кедендік декларацияны реттеген темір тұлпар жүргізушілері Қырғызстаннан байқаудан өтпеген күйі елімізде жүйткіп жүр. Себебі, айыр қалпақты ағайындарда ондай талап алынып тасталған.

  • 15 Тамыз 2013
  • 356
Фото - Caravan.kz


Рамазан Макеев, көлік иесі:

— Менің құжаттарым дұрыс болмаған соң айыппұл жазып берді. Себебі көлік техникалық байқаудан өтпеген. Қырғызстанда ешбір кедергісіз жүре беруге болады. Ондай талап жоқ.  Ал Қазақстанда қажет екенін білмедім.

Осылайша әрбір тоқтатылған көлік иесіне кемі 5 мың теңге айыппұл салынды. Көрші елдің техникаға қойылатын талаптары мен еліміздегі жол жүру ережелерінде айырмашылық бар болғандықтан оларға қатысты күрес күшейтілген. Енді кедендік декларация, сенімхат пен сақтандыру полисінен өзге техникалық байқау да жіті тексерілмек. Ал Қазақстанға кіріп үлгерген 300 мыңнан астам темір тұлпардың басым бөлігінде тиісті құжат жоқ екен. Сондықтан енді олар ұсталған соң айыппұл салынып, көлік айып тұрағына жөнелтілуде.