«Жол жүрісі туралы» Заңға қандай өзгертулер енгізілді? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жол жүрісі туралы» Заңға қандай өзгертулер енгізілді?

«Жол жүрісі туралы» Заңға қандай өзгертулер енгізілді?

2017 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы жол жүрісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған еді.

  • 10 Қараша 2017
  • 1742
Фото - Caravan.kz

Заңмен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:

1) көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді (ӘҚБтК 46-бабының төртінші бөлігі);

2) ӘҚБтК 596-бабының үшінші бөлігін әр түрлі түсіндіруде болдырмау мақсатында, аталған норма қарсы жолаққа шығу тыйым салынған жерлерде қарсы жүру жолағына шыға отырып, бұрылу немесе кері бұрылу үшін көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту бөлігінде нақтыланды (ӘҚБтК 596-бабының үшінші бөлігі);

3) жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3 АЕК-ке дейін қысқартылды (ӘҚБтК 601-бабының бірінші бөлігі);

4) масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді(ӘҚБтК 613-бабының төртінші бөлігі);

5) ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушыға көлік құралынан шығап кеткені үшін жауапкершілік алынып тасталынды (ӘҚБтК 613-бабының он екінші бөлігі). Сонымен бірге, «Жол жүрісі туралы» Заңда түнгі уақытта (сағат 23-тен таңғы 06 сағатқа дейін) қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен тұрақты емес тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу алынып тасталды.

Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ал мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерін көздейтін тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейтуге қатысты Салық кодексіне түзетулер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Жаңа заңда "жолдағы тәртіпке қойылатын талаптарды күшейтетін нормалар" бар. Мысалы, қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы, масаң күйде көлік жүргізгені және ішімдік ішкенін анықтайтын тексеруден өтуден бас тартқаны үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы енгізілген.

Заңда көлік жүргізушілеріне полицейлерді камераға түсіруге рұқсат еткен. Заңның ескі редакциясында бұл нормаға тыйым салынбаған, бірақ видоматериалдар сотта айғақ ретінде қаралмайтын. Енді жаңа түзетулерге сәйкес, апат орнында немесе жол үстінде болған өзге оқиға орнында түсірілген видео сот материалына айнала алады. Бірақ көлік жүргізуші полицей талабын мүлтіксіз орындауға міндетті.

Сонымен қатар, жолда тоқтатылған жүргізуші көліктен түспей, полицейді салонда күтіп отыруы тиіс деген 2015 жылғы қаулының да күші жойылған. Құжатта бағдаршам алдындағы тоқтау сызығын басып тұрғаны үшін салынатын айыппұл көлемі азайтылып, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда жаңасын алу үшін қайтадан емтихан тапсыру, түнгі уақытта тұрақты емес тасымалдаушылардың жолаушыларды тасымалдауына салынған тыйым жойылған.

2015 жылы Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов жол жүру ережесі заңнамасы туралы өзінің салиқалы ойын білдірген болатын.

Тұрсынбек ӨмірзақовТұрсынбек Өмірзақов

«Астана, Алматы және еліміздің басқа да қалаларындағы реттелетін көше қиылыстарының өткiзу қабiлеттiлігін ұлғайту проблемасы қазіргі таңда өзекті болып табылады және адекватты шешімді талап етеді. Қазақстанда бұл мәселе негізінен жер үсті және жер асты көпірлер түріндегі инженерлік және өзге де құрылыстарымен шешіледі.Көше қиылыстарының өткiзу қабiлеттiлігін тек қана инженерлік тәсілдер арқылы, яғни шығынды әдіст

ұрсынбек Өмірзақовермен ұлғайту Президенттің бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша қойған талаптарына сәйкес келмейді.Астана қаласында іс жүзінде бағдаршамның қызыл түсінің жануы барысында оңға бұрылуға рұқсат етілген. Астанада кәрiздiк қозғалыстың енгізіліп жатқаны белгілі, бұл, әрине жанармайды үнемдетеді және осы жерлерден өтетін көліктердің санын ұлғайтады. Нәтижесінде жаяу жүргiншiлер бір жолды кесіп өтудің орнына екі бірдей жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтулері тиіс.

Астанада осындай кәрiздiк көше қиылысының құны мамандардыңҚР ІІМ-нің Жол полициясы комитеті офицерлерінің бағалауы бойынша — 700 мың АҚШ долларынан басталады, ал көше қиылыстарын жерлерді бөліп беру және ғимараттарды бұза отырып жайғастыру барысында олардың құны миллиондаған долларға жетеді.Еліміздің Президенті өзінің Жолдауында 2015 жылға дейін табыс деңгейі жоғары елдердің қатарына ену міндетін қойды. Әлемдегі табыс деңгейі жоғарғы мемлекет АҚШ Жол жүру ережесін қолданады, оған сәйкесбағдаршамның тура жүруге тыйым салу сигналы бойынша оңға бұрылуға рұқсат етілген. Осы секілді ереже сонымен қатар Канадада, Жаңа Зеландияда, Еуропада Германияда, Азия елдерінің көбінде – Индия, Оңтүстік Корея және Қытайда, ТМД елдерінде – Украина мен Литвада қолданылады. Жақын арада осы ережені эксперимент ретінде Ресейдің Мәскеу және Белгород қалаларына енгізу жоспарланып отыр. ҚР Жол жүру ережесіне аталған өзгерісті енгізу мәселесі менің тарапынан Астана қаласы мәслихатының депутаты ретінде осыдан жеті жыл бұрын жол полициясы қызметкерлерінің алдында қойылған. Қазіргі таңда өз басым өздерінің аты-жөндерін айтпауды қалаған ҚР ІІМ-нің Жол полициясы комитетінің басшыларына өтініш жасадым.Олар біздің қазақстандық жүргізушінің ерекше «қалыптан тыс» ділге ие, қазақстандық жүргізуші ең тәртіпсіз, қазақстандықтар мәдениет деңгейі бойынша дамыған американдықтар мен немістер деңгейіне әлі пісіп жетілмегені жөнінде мені сендіріп отыр, ал олар өздерін индустармен, қытайлармен және біздің украиндармен салыстырғылары келмейді.

Осы мәселенің шешілуінің келешегі жоқтығын олар 1968 жылғы БҰҰ Вена конвенциясымен түсіндіруге талпынды, алайда оған қойылған қол Германия үшін өзінің ұлттық саясатын жүргізуге кедергі келтірмейді. Вена конвенциясында жазылғандардың барлығы – ұсыныстар. ҚР Жол жүру ережесін осы бағытта өзгертуге қандай да бір әрекет тұрарлық қағазбастылыққа әкелетіні туралы пікір қалыптасты. Алғаш рет осы идея 30-жылдары АҚШ пайда болып, ол Ұлы Депрессияға байланысты болды. Жанармай шығынын азайту басты мақсат етіп қойылды, бұл таңқаларлық нәтиже берді – жанармай шығыны 30%-ға төмендеді және кептелістің 35% төмендеуі ретінде қосымша оң нәтиже алды.Бағдаршамның қызыл шамына оңға бұрылуға тыйым салудың күшін Депутаттар жоя алмайды, өйткені мұндай тыйым салу Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Жол Жүру Ережесімен реттеледі» , — деген депутат.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жол қозғалысын қамтамасыз ету саласын үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрсейіт Әбішев ІІМ жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгертулерді түсіндірді.


Нұрсейіт ӘбішевНұрсейіт Әбішев

мәлім етті. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне көлікті мас күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3 айлық есептік көрсеткішке қысқартылды. Масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді. Ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушы көлік құралын тастап кеткен үшін жауапкершілік алынып тасталынды. «Жол жүрісі туралы» Заңда түнгі уақытта, сағат 23-тен таңғы 06 сағатқа дейін қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен тұрақты емес тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу алынып тасталынды. Әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда жүргізуші куәлігін айырбастау кезінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыру жөніндегі міндеттілік жойылды», — деді Әбішев. Сонымен қатар оның айтуынша, «Tm» санатындағы (трамвай) көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін жасы төмендетілді (25 жастан 21 жасқа дейін) және басқа көлік құралын басқару тәжірибесі бар болу қажеттігі туралы талап алынды. «Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі», — деді ол.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Косарев: «Жол жүрісі туралы» заң ережелерінің қабылдануын «Халықтық коммунистер» фракциясының жеңісі деп білеміз. Сарапшы комиссия мен сайлаушыларымызыдың көңілінен шықтық деп ойлаймын. Заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу барысында жұмыс тобының 32 отырысы өтті. Бүгінде еліміздегі жол-көлік қозғалысы барлық азаматтарды алаңдатады. Жолдағы жағдай жыл сайын қиындап барады. Жаңа заң халыққа тиімді қызмет етеді деген сенімім бар.

Владимир КосаревВладимир Косарев

Владислав Косарев келтірген мәлімет:

Қазақстанда 5 млн.астам адам көлік жүргізушісі
Қазақстанда 2001 жылдан бері көлік саны 3 есеге өскен
Қазақстанда көлік саны 4,5 млн машинаны құрайды
Қазақстанда 20-25 жыл бұрын орташа жылдамдық сағатына 60 шақырым болса, қазір сағатына 120-150 шақырым құрайды
Қазақстанда магистральді жолмен бір минутта 57 машина жүріп өтеді. Қала бойынша бір минутта 50-60 машина бір жерден қозғалады.
Қазақстанда биыл 7000-нан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан соңғы 6 айда 700-ден астам адам опат болған.
Қазақстанда күніне 3-4 адам жол-көлік оқиғасынан мерт болады

Қоғам үшін біздің жолдарымыз қауіпсіз болуы керек. Бұрынғы заңдағы кейбір ережелер жүргізуші құқығын шектеген. Жол-көлік полициясы көлікті тоқтатқан жағдайда, жүргізуші көлігінен шығуға тыйым салынған болатын. Қазір бұл заң алынып тасталды. ҚР Әкімшілік кодексінің 613-бабының 4-тармағын бұзған кезде, яғни алкогольдік, есірткілік мас болу күйін куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейін ұзартылды. «Жол жүрісі туралы» заң уақтылы енгізіліп отыр және оған енгізілген түзетулер сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соқтыратын жағдайларды жоюға бағытталады», – деді Владислав Косарев.

Айта кетейік, "Жол жүрісі туралы" Заңда түнгі уақытта (сағат 23-тен таңғы 06 сағатқа дейін) қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен ұдайы емес тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу алынып тасталынды. Әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда жүргізуші куәлігін айырбастау кезінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыру жөніндегі міндеттілік алынып тасталынды. Ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушының көлік құралын тастап кетуіне тыйым салатын норма алып тасталынды. "D" (автобустар) санатындағы көлік құралын басқару үшін әскери қызметшілердің жасы 19-дан 18 жасқа төмендетілді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін тіркеу үшін көлік құралын тоқтатқан жағдайда жүргізушілерге фото-және бейнежазба жүргізу құқығы берілді. Көлік құралын тоқтатқаннан кейін полицияның: дереу жақындап келуі, өзін таныстыруы, жүргізушінің талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі, тоқтату себебін түсіндіру, радардың (қолданылған жағдайда) деректерін көрсету міндеті белгіленді. Көлік құралын тоқтатқан полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындау бойынша жүргізушінің міндеті белгіленді. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына жол жүрісі саласында нұсқамалар шығару бойынша құзырет берілді, бұрын осындай өкілеттілік жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға ғана берілген болатын. Құқықтық нақтылау мақсатында Заңның 52-бабының ескертуінде көлік құралын тоқтату негіздемелерінің бірі болып табылатын «арнайы іс-шаралар» ұғымының мазмұны ашылып енгізілді ("арнайы іс-шаралар" — құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру, күзет іс-шаралары және терроризмге қарсы операциялар). Көлік құралына аэрография салу бойынша тыйым салу алынып тасталынды. "Tm" санатындағы (трамвай) көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін жасы төмендетілді (25 жастан 21 жасқа дейін) және басқа көлік құралын басқару тәжірибесі бар болу қажеттігі туралы талап алынып тасталынды.

Жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедті айдап жүруге тыйым салынды. Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына кәсіпкерлік қызмет немесе өзге де еңбек қызметін жүзеге асырған кезде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәлігінің негізінде көлік құралын басқаруға рұқсат берілді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін берілгені үшін мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерлерін көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейтуге қатысты Салық кодексіне түзетулерді қоспағанда, Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар