Жолаушылар автобустары жабық жолдардан кері қайтарылуда - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолаушылар автобустары жабық жолдардан кері қайтарылуда - ШҚО

Жолаушылар автобустары жабық жолдардан кері қайтарылуда - ШҚО

Жолдың нашар көрінуіне байланысты Шемонаиха қаласындағы Оба өткізу бекетінен адамдары бар 25-тен астам автокөлік шығарылды, олар аудан мектебіне орналастырылды.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 275
Фото - Caravan.kz

Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасының 105-123 шақырым аралығындағы учаскесі, ал кеше сағат 18.00-ден 33-102 шақырымы жабылды.

Сағат 18.30-дан бастап 977-1075 шақырым жол учаскесі (Қалбатау-Қасым Қайсеінов кенті) және Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары (6-67 шақырымы) жолының учаскесі жабылды. Кешке қарай облыстық маңыздағы Чарск-Бақыршық, Новопокровка-РФ шекарасы, Воскресеновка-Дмитриевка жолдары қозғалыс үшін жабылды.

Кешқұрым күре жолдан 13 жолаушы мінген Новосібір-Өскемен жолаушылар автобусы кері қайтарылды және Оба өткізу бекетінен Шемонаихаға жеткізілді, адамдар жергілікті мектепке орналастырылды.

Түн жарымда 37 жолаушы және 2 жүргізуші мінген Өскемен-Шемонаиха рейсі Оба өткізу бекетінен Шемонаихаға жеткізілді. Жолаушылар сондай-ақ аудандық мектепке орналастырылды.

ТЖ қызметтері 15-17 қаңтар аралығында ауа райына байланысты ескерту жариялады.