Жолбарысты сипамақ болған әйел қолынан айырыла жаздады
![]() |
Американың Небраска штатының хайуанаттар бағында торға кіріп, жолбарысты сипағысы келген әйелді жыртқыш талап тастады. |
33 жастағы Жаклин Эйд Хеллоуин күні Omaha's Henry Doorly Zoo хайуанаттар бағына күзетшілерге білдіртпей кіріп кетті. Әйел жануар торына кіріп кеткенде, жыртқыш оның қолынан тістеп алды. Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген Эйдтың қатты жараланған саусақтарын сақтап қалды.
«Ауруханада Эйд қызметкерлермен дөрекі қатынасқан. Ол мас немесе есірткіге елтіген болуы мүмкін», - деп нақтылады полицияның өкілдері. Олар хайуанаттар бағына Жаклинмен бірге тағы бір адам кіргенін, бірақ, жолбарыстың торына кірмегенін қосып өтті.
Хайуанаттар бағының атқарушы директоры Деннис Пэйт осы оқиғадан кейін мекеме басшылығы қауіпсіздік шараларын күшейткенін айтты: аумақты жарықтандыру жақсартылып, бақылау таспаларының саны көбейтілген, ал зообақ кіреберістеріне компьютерлендірілген құлыптар салынды, деп жазады Лента.ру.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін