– Біреуі өзінің дубинкасымен түсті. Біреуінің қолында бөтелке бар. Сөйтіп, құдамның бірінші келіп бетінен ұрды. Сөйтіп мені артқа қарай теуіп жатқанда машинаның ішінде пышақ болған. Машинаға мінген уақытта көргем.
Көлігіндегі пышағы есіне түскен 25 жастағы жігіт өздеріне тап берген төрт жігітке суық қаруды ала жүгірген. Ашуға мінгені соншалық, 18 жасар бозбаланың аяғын жаралап тағы біреуінің арқасына пышақ сұғып алған. 19 жастағы жігіт сол жерде жан тапсырыпты. Кейін жанындағы жолдасы екеуі көліктеріне отырып оқиға орнынан қашып кеткен. Қолға түскендер қазір кінәсін мойындады. Ашуға мініп адамды жазым қылған жігіт енді бірнеше жылын түрмеде өткізуі мүмкін.