"Жолға шыдамаймын деп ойлапты": Алматы облысының тұрғыны әжесін қажылыққа арқалап апарған - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жолға шыдамаймын деп ойлапты": Алматы облысының тұрғыны әжесін қажылыққа арқалап апарған

"Жолға шыдамаймын деп ойлапты": Алматы облысының тұрғыны әжесін қажылыққа арқалап апарған

Алматы облысының тұрғыны бала кезіндегі арманын орындап, әжесін қажылыққа арқалап барған.

  • 29 Қаңтар 2020
  • 94
Фото - Caravan.kz

Ол үшін ер азамат екі ай дайындалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«2018 жылдың 8 қарашасында осы арманға жету нәсіп болды. Кішкентай кезімде апам мен атам екеуі арқасына салып бақты. Бірақ Байбақ атам дүниеден өтіп кетті. Әлі есімде мені «Тауда өскен алпамыс» деп еркелетіп өсірді. Біздің ауылда қайырымдылық мекеме сияқты медресе бар кішігірім. Сол жерде жаздық бағдарлама болды. Арабша үйренейін, исламды таниыншы деп дінді сол жерден үйрендім. Намаз бастап, Алланы тани бастағаннан кейін менде сондай ой пайда болды. Ұстазым Дуанбек аға менің осы жолға түсуіме себеп болған кісі. Мектепті бітірген соң медресеге түсіп, сол арқылы әжемді қажылыққа апару нәсіп болды. Ата-ананың разылығын алып тек қана жәннатқа баратын жол екенін сол арқылы білдім», – дейді Шерхан Мұхтарұлы «Ниет» бағдарламасында.


Әжесін қажылыққа апару үшін ол екі ай дайындалған. Алайда, апасы алғашында келіспеген. Өйткені жолға шыдамаймын деп ойлапты.

«Бірінші қызметім Алматы қаласының маңындағы Талғар қайырымдылық мекемесінде болдым. Сол жерде өзім қаржылай ақша жинап, дайындалдым. Ауылға барғанда әжеме өзін қажылыққа апаратынымды айттым. Сөйтіп көршілердің үйіне арқалап апарып жүрдім. Содан кейін қажылыққа баруға жолымыз түсті», – дейді Шерхан.

Соңғы жаңалықтар