Жарияланды: 520

«Жөндеу» ЖШС жұмысшылары өздерінің бас директорының орнынан кетуін талап етуде

Мұнайсервистік қызметпен айналысатын «Жөндеу» ЖШС жұмысшылары мен инженерлік –техникалық қызметкерлері өздерінің бас директоры Ықлас Шаңгереевтің отставкаға кетуін атлап етуде, деп ҚазТАГ тілшісі Жаңаөзеннен хабарлайды.

«Біздегі 27 бригаданың 23 бриагадасы бірнеше апта бойына ереуілдеп жатыр. Біз «Жөндеу» ЖШС бас директоры Ықлас Шаңгереевтің отставкаға кетуін атлап етеміз. Біз күн сайын дерлік «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының басшылығына өз талабымызды телефон, факс арқылы айтудамыз, бірақ одан ешқандай нәтиже жоқ», - деді жұмысшылар журналистермен кездесуінде. «Ықлас Шаңгерев біздің кәсіпорын кәсіподағының төрағасы болған. 2011 жылы ақпанда Бас директорымыз Марат Садықов жоғарыға көтеріліп, ал Ы. Шаңгереев ЖШС-ті басқарды», - деді компания инженерлері. «Жөндеу» ЖШС өкілдері «компанияда бұрын жұмыс бір қалыпты жүргенімен, жаңа басшы, Ы. Шаңгереев тағайындалғалы бүкіл ұжымда жек көрушілік сезім туындады» дейді. «Жаңа басшының біліктілігінің төмендігінен ЖШС жоспарды орындап үлгермей жатады. Ол жұмысшылармен өте дөрекі, осы қызметке тағайындалмай тұрып кәсіподақты басқарғанына қарамай, ұжым проблемасын түсінгісі келмейді», - дейді ұжым өкілдері. «Кәсіпорында штат толық болғанына қарамай, ол басқа жақтан 18 адам алуы себепті,біздің жалақыларымыз азайды және компания басқару мен адамдармен жұмыс істеуде біліктілігінің төмендігін танытты. Қазір де, жұмысшылар ереуілдеп жатқанда, ол бізге шығып, ашық әңгімелескісі келмейді», - деп жұмысшылар ашуланды. «Біз Ы. Шаңгереевтің компания басшылығына тағайындалуына өте наразымыз. Біз жалақының көтерілуін немесе жоспардың қысқартылуын сұрап жатқан жоқпыз ғой. Біз ҚМГ БӨ ұжым пікірімен санасып, Ы. Шаңгереевті мынау қызметінен босатып, орнына лайықты, білікті адамды тағайындауын талап етеміз. Бұл біздің жалғыз, әрі қатаң талабымыз. ҚМГ БӨ басшылығы мына біздер, қарапайым жұмысшылар мен инженерлер, мынау қолымызбен олардың гүлденуін қамтамасыз етіп отырғанымызды түсінуі тиіс», - дейді қызметкерлер. ҚМГБӨ дереккөздері агенттікке «Жөндеу» ЖШС-тегі ереуіл туралы хабардар екенін айтқанымен, бірақ компанияның орталық кеңсесінің кадрлық мәселедегі талаптарға қатысты қандай шешім қабылдайтынын айта алмады. Агенттік Астанадағы компания кеңсесінен демалысқа байланысты ешқандай түсініктеме ала алмады. «Жөндеу» ЖШС 100% «ҚМГ БӨ» АҚ еншілесі болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін