Жарияланды: 60

"Жоқшылықтан шаршадым": желіде 4 баласы және өзін өртемек болған әйелдің видоесы тарады

"Жоқшылықтан шаршадым": желіде 4 баласы және өзін өртемек болған әйелдің видоесы тарады

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының тұрғыны өзімен бірге 4 баласын өртеп жібермекші болғаны түсірілген видео тарады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода көпбалы ана үйінің ішіне әдейі өрт қояды. Бөлме ортасында көрпешелер өртеніп жатыр.

Өзін Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғынымын деп таныстырған Ақмарал Асылбекова телефонына түсірілген видеода мұндай қадамға баруына кімдердің себеп болғанын айтқан.

"Үйге өрт қойған себебім – өзімді және балаларымды бұл дүниеден алып кету, қатыгездік... әділетсіздік жоқ, жанайқайымды түсінетін жаққа кетеміз. Мынау қиындықтан шаршадым. Жоқшылықтан шаршадым. Адамдардың қысым көрсетуінен шаршадым. Менің өліміме, осы 4 баламның өліміне Жетісай қаласының құзырлы органдары және әкімшілік кінәлі", - дейді әйел видеода.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдай 28 наурызда болған.

Содан кейін әйелдің үйіне Жетісай ауданының полиция мен прокуратура қызметкерлері барып, жағдайын білген.

"Әйелдің үйіндегі жанған зат сол мезетте сөндірілген, балаларына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер әйелге түсіндіру жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлады жергілікті полиция.

Сондай-ақ бұл отбасы құзырлы орындардың бақылауына алынды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін