“Жөргек ұл баланың жыныс мүшесіне зиян” - Уролог - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жөргек ұл баланың жыныс мүшесіне зиян” - Уролог

“Жөргек ұл баланың жыныс мүшесіне зиян” - Уролог

Уролог маман Ернұр Айнаев көпшілігі “памперс” деп атап кеткен жөргектің ұл баланың жұмыртқасына зиян екенін айтты.

  • 17 Сәуiр
  • 4
Видеодан скрин

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ұлдары бар ата-аналарға айтарым, ұл бала өмірге келгесін оның жұмыртқасы орнына түсіп туылуы керек. Бала туылғаннан кейін өздері жұмыртқасын қарап көру керек. Егерде жұмыртқалары орнында болмаса, бірінші кезекте андролог дәрігерге апарып көрсету керек. Жұмыртқасы түспей қалған болса, бір жылдың ішінде оны түсіруге тырысу керек. Памперсті екі жастан кейін киюге болмайды дейміз. Себебі, жұмыртқалар машонкада орналасқандықтан, машонкада температура 34 градуста жұмыс жасайды. Ол 34 градустан жоғары болса ол дұрыс дамымайды, өспейді, жеңілмейді. Осындай жігіттерде ертең ұрық болмайды”, — деді уролог маман.

Сондай-ақ, уролог маман қазіргі таңда ұрығы жоқ ер адамдардың көп екенін айтты.

”10-15 жыл бұрын ұрығы жоқ пациенттер өте аз болатын. Мысалы, қазір жап жас, 18-20 жасар жігіттер келеді. Оның бір ұрығы да жоқ. Оның әке болуы 0-ге тең, әке бола алмайды деген сөз. Ол жағдайда дамып келе жатқан медицинаның өзі көмектесе алмайды. Жас кезінде, ота жасауға болатын кезден өтіп кетті де, ота енді оларға көмектеспейді”, — деді ол.