"Жұбайыма қолын ұстап отырып сөз бергем": Медеу Арынбаевтың оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жұбайыма қолын ұстап отырып сөз бергем": Медеу Арынбаевтың оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті

"Жұбайыма қолын ұстап отырып сөз бергем": Медеу Арынбаевтың оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті

Медеу Арынбаевтың әйеліне берген уәдесі туралы оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті.

  • 18 Маусым 2019
  • 67
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әйелінен ерте айырылған Медеу Арынбаев балаларының қамы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Жақында қатты ауырып ота жасатқан ол аяққа тұруыма әйеліме берген уәдем септігін тигізді дейді. Қос құлынының болашағын өз мойнына алған Медеу Арынбаев жан тебірентерлік оқиғасымен бөлісті.

"Мен ұл-қызымды жететін жеріне жеткізуім керек. Жұбайыма қолын ұстай отырып, Алланы атап сөз бергенмін. Ес-түссіз жатып, кетерін білгенде уайымдама Дәулетіміз бен Даянамызды мен аяққа тұрғызамын, мен сені сүйемін деген сөздерім есіме түсті", — дейді Медеу Арынбаев.


Соңғы жаңалықтар