"Жұдырығымен ұрып жіберді". Талғат Мұсабаев қол көтерді деген бойжеткен желіде жазба жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жұдырығымен ұрып жіберді". Талғат Мұсабаев қол көтерді деген бойжеткен желіде жазба жариялады

"Жұдырығымен ұрып жіберді". Талғат Мұсабаев қол көтерді деген бойжеткен желіде жазба жариялады

Саябақта хаски тұқымдас итімен серуендеп жүрген елордалық тұрғын Алина Нұртас келеңсіз жағдайға тап болғаны жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

  • 25 Маусым 2021
  • 1284
Фото - Caravan.kz

Ол өзіне халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаевтың қол көтергенін айтты әрі қандай да бір шара қолдану қажеттігін жазды.

– Саябақта қысқа қарғыбаумен байланған итіммен бірге серуендеп жүргенмін. Иттің тұмылдырығын да ала шықтым (заң бойынша хаски итіне тұмылдырық кигізіп жүру шарт емес) Қажетті қалталар да бар (иттен қалған қоқысты салатын). Осылай серуендеп келе жатсам, белгісіз бір адамның маған айқайлағанын естідім. Әрі қарай жүре бердім, бірақ ол белгісіз адам жақындап келіп, тағы айқайлады. "Иди в зад" дедім (әрине, "Алина, өзің айыптысың!" дерсіз. Бірақ мен айыпты емеспін. Негізсіз агрессия көрсетілген сәтте менен шыққан реакция осы болды. Әрі қарай жүре бердім. Ол адам бұрылып, менің иығымнан бір ұрды (жұдырығымен). Қолым ұйып барады. Полиция шақырдым. Әрине бір нәрсені дәлелдеу мүмкін емес. Себебі ол Талғат Мұсабаев, – деп жазды Алина Нұртас.

Бойжеткен Instagram парақшасында stories арқылы оқиғаның мән-жайын сипаттап берді. Айтуынша, полиция бастапқыда істі қарап, әрі қарай шағым түспес үшін мәселені жаба салған.

– Мен не айта аламын?! Енді Қазақстанда көшеге шығуға қорқамын. Бұл елде қауіпсіздік жоқ, заң да менің жағымда емес. Заң күші мен билігі бар адамдардың жағында. Қазақстан кешір мені, бірақ менің әкем президент емес. Сондықтан мен әр адамның құқығы заңмен қорғалған жаққа кетемін. Оған дейін далаға шығу үшін қорқынышпен үнсіз ғана жүруге мәжбүрмін.

Талғат Мұсабаев мені итіммен серуендеп жүргенім үшін ұрды. Біріншіден, сотта, заң саласында бәрі тек таныс арқылы шешіледі. Көшеде біреу сені соғып кетсе де, жол апаты болып, танымал адам мен қарапайым жүргізуші соқтығысса, айыпсыз екеніңді дәлелдей алмайсың.

Екіншіден менің әкем итпен серуендеуге шықса, оған ешкім наразылық айтпайды, тиіспейді. Себебі ол ер адам, сондай-ақ оның органда 20 жыл істегені маңдайында жазылып тұрады. Ал мен қыз баласымын, бойымның ұзындығы бар болғаны 165 см. Яғни әлсізбін. Айқайлауға, қорқытуға тіпті, ұруға болады, – деді Алина.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @alinanurtas

 

Соңғы жаңалықтар