Жүкті әйел пойыздың астына өзінің абайсыздығынан түскен - Алматы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүкті әйел пойыздың астына өзінің абайсыздығынан түскен - Алматы

Жүкті әйел пойыздың астына өзінің абайсыздығынан түскен - Алматы

Жүкті әйел пойыз астына өзінің абайсыздығынан түскен. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ләззат Аленова хабарлады. 

  • 9 Қазан 2015
  • 400
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша, қайғылы оқиға 7 қазанда Алматы-1 стансасының маңында болған. 

«Желілік ішкі істер басқармасының кезекші пультіне жол апаты туралы хабарлама түсті. 25 жастағы жүкті келіншекті «Семей-Қызылорда» бағытындағы электровоз қағып кеткен. Келіншек пойыз жақындап қалғанын байқамай қалған. Бұл дерек қазір ҚР ҚК 344-бабының 1-бөліміне сәйкес бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда», — деді Л.Аленова.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір келіншектің жағдайы бірқалыпты ауыр. Миы қатты соққы алған. Сол үшін әлі де жасанды тыныс алу аппаратына қосулы. Есін жиған жоқ.

Апат келіншектің ай-күні жетіп босанатын сәтінде болған. Өкінішке орай, жедел түрде кесар тілігімен алынған нәресте 1 сағат өткен соң шетінеп кетті.

Соңғы жаңалықтар