Жарияланды: 10100

Жұлдыз Өмірғали: Жыныстық қатынастан еркек қана емес, әйел де ләззат алу керек

Жұлдыз Өмірғали: Жыныстық қатынастан еркек қана емес, әйел де ләззат алу керек

Жұлдыз Өмірғали қыз-келіншектерге ақыл-кеңесін айтты. Айтуынша, күйеу мен ене тақырыбында өзінен кеңес сұрайтындар көп көрінеді. Сонымен қатар ер мен әйелдің қатынасы берік болу үшін нендей сырларды білу керек екенін үйретті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды Stan.kz -ке сілтеме жасап.

Жұлдыз ханымның айтуынша, ер мен әйелдің төсек қатынасы берік болу керек. Ер адам ғана емес, әйел де одан ләззат алуы тиіс. Ол үшін арнайы интим мамандардан кеңес алу керек дейді.

"Қайырлы күн қыздар. Көп қыз-келіншектер жекеме хат жазып жатады күйеумен, енемен қарым қатынас туралы жиі посттар шығарыңызшы деп. Көп қыздар бақытын, бағын күйеуіне байлап қойған. Алайда қыздар олай емес. Ең бірінші сол күйеуінің разылығын ойлайды, айтқанын шықпай тығылып жүреді.­ Ханымдар, арулар иә білемін күйеудің разылығын алу керек, бірақ күйеулеріңізден бұрын Алланың разылығын алуға асығыңыздар. Сіз қашан бірінші орынға Алланың разылығын қоясыз, сол сәттен бастап сізде бәрі оңынан болады. Ең бірінші Аллаға, кейін өзіңе деген махаббаты ерекше жанның энергиясы толы болады. ­

Негізі, дамыған заманда сіздерге кеңес берер едім психологиялық және интим сабақтар арнайы мамандардан бір рет алыңыздар деп. Жүрегі тыныштық тауып, қарыз, өкпе, уайыммен мәңгі қош айтысып, интимді жаттығуларды меңгеріп от әйел болғысы келетін ханымдарға кеңес беремін", - деді Өмірғалиева.


"Көздеріңізді ашып қараңыздар": Жұлдыз "Айқынның тоқалы" дегендерге жауап берді


Жұлдыз ханымның пікірінше, жыныстық қатынас ең өзекті тақырып. Әйел төсек құралы емес. Әйелдің көңіл-күйі, күтімі жақсы болса, ара қатынас та жақсы болады.

"Денсаулық, әсіресе әйелге тән денсаулық ол өзіңізге керек. ­
Жыныстық қатынас тек еркекке ғана емес, сізге де керек. Төсек қатынасынан еркек ғана ләззәт алу керек, әйел оған тек ләззәт алатын құрал болуы керек деген ұғым жоқ. Әйелдің бақыты - ішкі байлығында. ­

Егер сіздің денсаулығыңыз жақсы болып, уайым, реніш, қайғысыз, өзіңізді жақсы көріп күтіне білсеңіз, күйеуіңіздің өзі-ақ сізді алақаныңызға салып күтеді. Отбасыңызда тыныштық пен махаббат орнасын десеңіз. Ең бірінші өзіңіздің жандүниеңізді тыныштық пен махаббатқа толтырыңыз", - деп жазды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін