Жарияланды: 300

​Жұлдыздар ауызашарда жартылай жалаңаш отырып, бассейнде ауыз ашты

​Жұлдыздар ауызашарда жартылай жалаңаш отырып, бассейнде ауыз ашты

Ақбота Керімбекова: Біз осындай демалыс орнында ауызашарда отырмыз.

Қазақстандық танымал өнер иелері бассейнде отырып ауыз ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. KYN.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар бұл әрекетімен халықтың сынына қалды. Әншілер мен актерлер үнемі желідегі парақшаларына тамақ пен демалыс орындарын жарнамалап жүретіні бүгінде ешкімге құпия емес.

Видеода әнші Ақбота Керімбекова Алматыда ашылған демалыс орнында ауызашар берген Алмуша құрбысына алғыс білдірді. Ал эстрада әншілері Нұрлан Еспанов пен Асхат Тарғын үстілеріне сүлгі жамылып алып, қолдарын бұлғап халқымен амандасып отыр. Өздерін қонақ етіп отырған әйел көпшілікті ораза мерекесімен құттықтады.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін