Жарияланды: 280

Жұлдыздардың темір тұлпарлары

Жұлдыздардың темір тұлпарлары

Жұлдыздар басым бөлігі Жапон маркалы "Toyota" көліктерге қызығушылық танытады. 

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды. 

Мирас пен Құралай денелеріне сай джип көлігін мінгенді жөн санайтындарын айтты. Әншілер арасында темір тұлпарды өте көп ауыстыратындары болып шықты. Осы уақытқа дейін 20-30 көлік ауыстырдық" дейді. 

Меруерт Түсіпбаева: "Менің жұбайым жоқ, сондықтан жұбайым ретінде жақсы көремін. Еркектер кез-келген уақытта алдап кетеді, ал мені көлігім алдамайды. Мен өзім консерватормын. Сол үшін тайота прадамен жүремін. Тайота праданың жаңа түрі шыққанда ауыстырып аламын. Қандай болса да жаңасын мінемін. Қазіргі көлігім тайота прада 155. Ескі көлікті мініп аузым күйді, тек салоннан жаңасын алып өмірдің бақытын сезіндім. "Toyota"  менің махаббатым".

Талғат Жорабаев болса ең алғаш көлігі тайота 35 болған. Тайота 55 көлігін армандап жүренде әпкесі Алтынай арманындағы көлікті сыйлаған. 

Продюсер Ерғали Әбдірайымов екі көлігі бар екенін жасырмады. Оның біреуі тайота болса, екіншісі паджера. "Мен негізі көлікті жиі ауыстырмаймын. Екі-үш жылда қажеттілікте ғана ауыстырамын" дейді. 

Бағлан Әбдірайымов пен Мейрамбек Беспаев BMW көлігін өте қатты ұнатады екен. 

Бейбіт Құшқалиев ескі көлкітерді жақсы көремін дейді. Раритет машиналарды ұнатамын, болашақта мерседес маркалы көлікті алып, ерекшелендіріп тізгіндегісі келетінін айтты. 

Әншілер жол ережесін бұзып, салық төлеп жүргендерін де жасырмады. Бірі қажеттілік үшін қолданса, енді бірі имидж үшін екенін ашып айтты.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін