Жұмағалиев: 2018 жылы қазақстандықтар автокөлік құжатын интернет арқылы рәсімдейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмағалиев: 2018 жылы қазақстандықтар автокөлік құжатын интернет арқылы рәсімдейтін болады

Жұмағалиев: 2018 жылы қазақстандықтар автокөлік құжатын интернет арқылы рәсімдейтін болады

Жартыжылдықтың соңына дейін автокөліктерді рәсімдеу жұмысы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйден интернет арқылы реттелетін болады.

  • 16 Ақпан 2018
  • 282
Фото - Caravan.kz

Жылдың бірінші жартысының соңына дейін қазақстандықтар автокөліктерді интернет арқылы тіркей алады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Біз мамандандырылған орталықтарда қиындықтар бар екенін білеміз, автокөліктерді рәсімдеу кезінде кезек көп. Ішкі істер министрлігімен қызықты жұмысты іске асырып жатырмыз. Жартыжылдықтың соңына дейін автокөліктерді рәсімдеу жұмысы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйден интернет арқылы реттелетін болады. Яғни, сіз интернет арқылы тапсырыс беріп, қажетті құжатты «Қазпошта» арқылы ала аласыз", — деді ол.

Абаев өз кезегінде, министрлік автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру үшін мамандандырылған ХҚКО жұмысымен облыс орталықтарын толық қамту бойынша жұмысын жалғастыратындығын атап өтті.


«Биылғы жылы біз Орал мен Атырауда арнайы ХҚКО ашуды жоспарлап отырмыз. 2017 жылы барлығы 14 арнайы ХҚКО ашылды, олардың екеуі Көкшетау мен Семей қалаларында», — деді Абаев.

Соңғы жаңалықтар