Жұмыспен қамту қызметкерлері қанша адамды жұмысқа орналастырғанына байланысты жалақы алады – Әлтаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыспен қамту қызметкерлері қанша адамды жұмысқа орналастырғанына байланысты жалақы алады – Әлтаев

Жұмыспен қамту қызметкерлері қанша адамды жұмысқа орналастырғанына байланысты жалақы алады – Әлтаев

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарына шағын реформа жүргізуді жоспарлап отыр.

  • 21 Ақпан 2018
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ведомство вице-министрі Нұржан Әлтаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Орталықтарға республикадан және облыстан бөлінетін тиісті бюджет көлемі бар. Соған сай қызметкерлер де белгіленген еңбекақыны алады. Ал олардың еңбекақысы жұмыс өнімділігіне байланысты емес, қанша адамды жұмысқа орналастырса да сол жалақыны алады. Біз мұны қайта қарастырамыз. Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері қанша адамды жұмысқа орналастырды, яғни олардың жұмыс өнімділігіне байланысты еңбекақы беру жоспарланып отыр», — деді вице-министр.

Бүгін осы мәселеге қатысты заң жобасы Парламентте қаралмақ.

«Біздің дайындаған заңнамамыз Парламентте алғаш рет тыңдалады. Біз жұмыспен қамту мәселесіне аутсорсинг, жеке агенттіктерді тартуды көздеп отырмыз. Жеке агенттік жұмысқа орналастырған адамның алты айлық мәліметтерін қараймыз. Ол адамның зейнетақы жүйесіне ай сайын ақша аударылып отыратын болса жұмыс тауып бергені үшін агенттікке ақша төлейтін боламыз. Оларға мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарынан артық емес ақы төленеді», — деді Нұржан Әлтаев.

Оның айтуынша халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлеріне бүгінде 28 мың мен 120 мың теңге аралығында еңбекақы алады. Қызметкерлердің жұмыс өнімділігін есептеп, соған байланысты жалақы беру жоспарланып отыр.


«Қазір қызметкерлерге төленетін тарифті есептеп жатырмыз. Тариф анықталғанда мұны міндетті түрде жариялаймыз. Жоғарыда айтқан еңбекақыны олар жұмыс өнімділігіне қарамастан алады. Мұндай әдіс қызметкерлерді қатты ынталандыра қоймайтыны анық. Жұмыспен қамту жеке агенттерін тарту арқылы бәсекелестікті арттырып, олар да, мемлекекттік орталықтар да жұмыс өнімділігіне байланысты қаржыландырылатын болады. Жұмысқа орналасқан әр адамды есептеу арқылы тарифтеу жүргізіледі деп ойластырып отырмыз. Бұл қызметкерлерді ынталандырады. Адамдар көптеп жұмысқа тұрса, қызметкерлер де жоғары жалақы алатын болады», — деді ол.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар