Жұмысқа орналасу үшін - кредиттік тарихыңыз тексерілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмысқа орналасу үшін - кредиттік тарихыңыз тексерілетін болады

Жұмысқа орналасу үшін - кредиттік тарихыңыз тексерілетін болады

Жастар жұмыс таба алмай қиналып жүргенде, енді жұмыс берушілер адамның несие тарихын тексеріп, кредиттік тарихы кірленгендерді жұмысқа алмауы мүмкін.

  • 3 Ақпан 2019
  • 477
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы хабарлайды.

Дәл қазір мұндай тәжірибені ритейл нарығы — яғни ірі гипермаркеттер пайдалана бастапты. Ал мұндай тексеру бірінші кезекте материалды жауапкершілік қарастырылған қызметтерге тікелей қатысты.

Қазақстандықтардың қарызға батқандары соншалық енді оларды жұмысқа қабылдарда, жұмыс берушілер несиелік тарихын тексеріп алғаннан соң ғана еңбек келісім шартын жасай алады. Ал елімізде несие алған халықтың 14 пайызы оны қайтара алмай жүр. Қайтарымсыз кеткен кредиттердің үлесі — 20 пайыз шамасында. Алайда жұмыс берушілер кредиттік тарихты сіздің келісіміңізсіз тексере алмайды.

Әсем Нұрғалиева, "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС атқарушы директоры:

— Несиелік тарихқа неге мұқият болуы керек? Себебі қазір кредиттік мекемелер емес қаржылық институттары да несие тарихын тексереді, яғни жұмыс іздеушінің тарихында қандай да бір мәселелер болса кредитті кешіктірген немесе мүлдем төлей алмаса онда оның қызметке қабылданбауы әбден мүмкін.

Ал өтелмеген несие басқа банктердегі бұғатталуына әкеледі, сондай-ақ айыппұлдар, коммуналдық қызметтер төленбеген жағдайда да банк картаңыз бұғатталуы мүмкін.


Досбол Арыстанбеков, екінші деңгейлік банк өкілі:

Көлік салығы, жылжымайтын мүлік салығы және жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп және де оның салығын төлемесе бұл жағдайда банктік картасы бұғатталып, картасы ашылмайды.

Алайда, әлеуметтік шот яғни жәрдемақы және мүгедектерге арналған шоттарға қатысты банк өз қызметін тоқтатпайды. Сондай-ақ, ендігі кезекте салық төлемегендерге банк тарапы ағымдағы шотты ашпайды. Яғни, "мемлекет алдында борышы барлар депозит пен кредиттік есепшоттарды да аша алмайды" — дейді банк өкілдері.

Соңғы жаңалықтар