Полицияны құрылысы аяқталмаған ғимараттан айқай, шуға жүгіріп шыққан жұмысшылар шақырған.
Патрульдік полиция жасағы мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына үш минут ішінде келді. Жәбірленуші полицейлерге күдіктілердің қай жаққа қашқанын көрсетті. Біреуі бірден ұсталды, екіншісі жасырынып қалды. Ол екі күннен кейін ұсталды.
"Олар бұрын сотталған 24 және 27 жастағы Тобыл қаласының тұрғындары болып шықты. Тергеуші қылмыстық істі қысқа мерзімде тергеп, сотқа жіберді. Бүгін, 20 тамызда оларға үкім шығарылды", — делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жәбірленуші Альберт Залалов тергеуші Дана Мальянинаға, жедел уәкіл Арлан Масақбаевқа және Өзбекті Қалиға алғыс хат жазды.