Жұмыста көп отыратын адамдардың мәселесін 2 минутта шешуге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыста көп отыратын адамдардың мәселесін 2 минутта шешуге болады

Жұмыста көп отыратын адамдардың мәселесін 2 минутта шешуге болады

Көп қимылдамай, отырып істейтін жұмыс денсаулыққа зиян екені жасырын емес.

  • 8 Мамыр 2015
  • 555
Фото - Caravan.kz

Бұл — инфекция жұқтыру індентінен кейінгі сатыда тұрған мәселе. АҚШ ғалымдарының пікірінше, жұмыста ұзақ уақыт отыратын адамдар сағат сайын бар болғаны 2 минутқа орнынан тұрып жүрсе, денсаулыққа көп пайдасы тиген болар еді, деп жазады The Sydney Morning Herald. 

Күніне 30 минут уақытты физикалық жаттығуларға бөлу қажет. Әр сағаттың 2 минутын қозғалысқа арнау да денсаулыққа оң әсерін тигізеді. 3 жылға созылған зерттеудің нәтижесінде ғалымдар осындай тоқтамға келді. Зерттеуге 3 243 ерікті қатысты. Осы зерттеу жұмысынан кейін Юта Университеті мен Колорадо Университетінің медициналық мектептері мамандары бір сағат ішіндегі 2 минуттық серуен өлім қаупін 33% төмендететінін анықтады. 


Сондай-ақ, аптасына 2,5 сағат спортпен шұғылданудың пайдасы зор, дейді ғалымдар. Адамның 1 сағат бойы орындықта отыруы 22 минут өміріңізді қысқартады-мыс. Ал, бір сағаттық жаттығу өмір ұзақтығын 90 минутқа арттырады екен.