Жүріп бара жатқан автобустан құлаған зейнеткер ажал құша жаздады
Ақтөбелік зейнеткер жүріп бара жатқан автобустан құлап мертіккен. Ең сорақысы ашық есіктен тоңқалаң асқан Татьяна Долбняға жүргізуші көлікті тоқтатып, көмек беруді де ойламапты. |
Аяғы сынып, басы жарылған кемпір қазір апаттан аман қалғанына шүкіршілік етуде. Құлап түскен оған сол маңда өтіп бара жатқандар жедел жәрдем шақыртқан. Енді зейнеткер қашып кеткен автобус жүргізушісін жазалауды тәртіп сақшыларынан сұрап отыр. Әйтсе де, оның түр-келбетін жадына сақтамаған. Қазір сол бағыттағы автобустар аялдамаға кешігіп жететін болған. Себебі, олардың барлық жүргізушілерін жаппай ішкі істер басқармасына тергеуге шақырып жатқан көрінеді.
Татьяна Долбня, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Жүргізуші автобустың есігін жаппай жүре жөнелді. Алға қарай ытқыған кезде мен бірінші сыртқа қарай ұшып кеттім, тағы бірнеше жолаушы менің үстіме құлады. Ал автобус сол тоқтамаған күйі кетіп қалды. Мұндай жауыз болар ма еді?
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін