Жарияланды: 410

Журналист Жұманованы соққыға жыққан күдікті 2 айға қамауға алынды

Журналист Жұманованы соққыға жыққан күдікті 2 айға қамауға алынды

Журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған ер адамды сот 2 айға қамауға алды деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

“Кеше Алмалы аудандық соты 2 айға қамауға алу туралы санкция берді”, — деді агенттікке хабарлаушы телефон арқылы.

Алматыда журналист Бота Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған еді. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады. Журналист түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген болатын.

Шабуыл жасаған адамның Алматы облысы Жаркент қаласының 1993 жылғы тумасы екені анықталды. Ер адамның айтуынша, қылмысты әйел адамды тонау мақсатында жасаған. Алайда ол қызды оның айғайына құлақ түрген көршілердің кесірінен тонай алмаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін